Суббота, 14.11.2026, 07:04Приветствую Вас Гость | RSS
Мой сайт
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жалгасы!!!


*(4). Ібіліс туралы әңгімелейтін болсақ, оның шығу тегі туралы түрліше пікір айтылған. Ғұламалардың кейбірі; ол о баста атақты періште болатын, кейін Аллаһтың лағынетіне ұшырап көргісіз хәлге душар болған дейді. Ал, біздің ғұламалардың пікірі; Ібілістің тегі негізінен жындар тайпасынан шыққан. Және оған дәлел болатын бірнеше аяттар бар. Ол ілгеріде аса білімді, әрі салих (ізгі) жындар қатарынан еді. Айтып өткен "сәждеге" қатысты оқиғаға дейін ол періштелер арасында жоғары дәрежеге ие болған. Сондықтан, ол көбінесе періштелермен бірге жүретін. Алла періштелерге Адамға сәжде етуге бұйырған кезде ол да періштелердің арасында болған. Ол періштелердің арасына қалайша (қайдан келіп) қосылғаны туралы «Құртұби» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Зәйд, Хасан және Қатада хазіреттері (р.а.) былай деген:

وقال ٱبن زيد والحسن وقتادة أيضاً: إبليس أبو الجن كما أن آدم أبو البشر ولم يكن مَلَكا؛ ( تفسير القرطبي (

«Адам (а.с.) бүкіл адамзаттың атасы болғаны сияқты Ібіліс өзінен тараған жын тайпаларының атасы еді, ол періште болған емес.

  Ибн Аббастан (р.а.) да дәл осындай риуаят келтіріліп:

وروي نحوه عن ٱبن عباس وقال: ٱسمه الحارث ) . تفسير القرطبي( 

Ібілістің алғашқыдағы есімі Әл-харис болғаны айтылған.

  Бұған қосымша ретінде Ибн Мәсғудтың (р.а.) мына риуаятын келтіруге болады:

وقال شَهْر بن حَوْشَب وبعض الأصوليين: كان من الجنّ الذين كانوا في الأرض وقاتلتهم الملائكة فسبَوْه صغيراً وتعبّد مع الملائكة وخُوطب؛ وحكاه الطبري عن ٱبن مسعود. (تفسير الطبري)  

 «Бір замандарда жын тайпалары жер бетінде фасад істер (бұзақылықтар) мен нақақ қан төгуді шектен асырып жіберді. Сонда Алла Тағала аспан періштелерін жерге түсіріп, олардың көпшілігін қырып тастап, қалғандарын тауларға, теңіздердегі аралдарға қуып тастаған. Сол шайқастар кезінде олар жас Ібілісті ұстап алып, өздерімен аспанға алып кеткен. Ол періштелерден Аллаһқа құлшылық ету қағидаларын үйреніп, ықыласпен, өте көп құлшылық ету арқылы Алла дәргейінде жоғары дәрежелерге жеткен. Сөйтіп, «Азазіл», «Харис», «Хакам» деген бірнеше абыройлы атақтарға ие болған». Міне осылайша құрметке бөленіп (тайраңдап) жүрген күндердің бірінде Алла тағала Адамды (а.с.) жер бетіне халифа етіп жарататыны туралы мәлімдеді. Әрине, бұл Ібіліске ұнамады, оның төбесінен жай түскендей болды. Өйткені, Алла оны жарылқап, жер мен көктердің билігін қолына беріп, тіпті оны періштелерге ұстаз етіп тағайындаған болатын. Ібіліс осындай ұлық дәрежелерді көтере алмай, мастанып кетті. Өзінің (тегінің) кім екенін, қайдан келіп шыққанын ұмытты. Оның санасын (күннен күнге) тәкәппарлық дерті жайла, тіпті өзін тәңірдей сезінетін азғын хәлге тап болды. Соның салдарынан күндердің бірінде періштелердің арасында тұрып: «Мен де тәңірмін» деп күпірге салынды. Бұл жайлы «Әнбия» сүресіның 29 аятында:

} وَمَن يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّيۤ إِلَـٰهٌ مِّن دُونِهِ فَذٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَ كَذَلِكَ نَجْزِي ٱلظَّالِمِينَ {  

  Олардан (арасынан) кімде-кім: "Мен де (Аллаһтан) өзге (өзалдыма бір) тәңірмін!- десе, бітті ол (анық кәпір), Біз оны тозақпен жазалаймыз. Залымдардың жазасын солай береміз. 

  «Тәбари» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Жүрайж (р.а.) былай деген: 

حدثنا القاسم، قال: ثنا الـحسين، قال: ثنـي حجاج، عن ابن جُرَيج: وَمَنْ يَقُلْ مِنْهُمْ قال: قال ابن جُرَيج: من يقل من الـملائكة إنـي إله من دونه فلـم يقله إلا إبلـيس دعا إلـى عبـادة نفسه، فنزلت هذه فـي إبلـيس. (تفسير الطبري)  

  "Мен де (Аллаһтан) өзғе (өзалдыма бір) тәңірмін!" деген Ібіліс еді. Ол періштелерді өзіне құлшылық етуге шақырды. Сөйтіп, анық кәпір болды . Тәккаппарлық індеті шайтанды (Ібілісті) осындай үлкен қылмыс жасауға итермеледі. Періштелер оған құлшылық жасаудан бас тартты. Осы аяттың мағынасынан бізге түсінікті болғаны Ібіліс Адамға (а.с.) сәжде жасаудан (бас тартқан оқиғадан) бұрын кәпір болған еді. Ал, Періштелер о бастан-ақ Тәңір Тағаланың әміріне мүлдем қарсы келмейтін етіп жаратылғандықтан, олар Ібіліске құлшылық етуден бас тартты. Ал, Алла бұйырғанда олар (періштелер) түгел Адамға сәжде қылды. 

  Ібіліс өз болмысынан күнә жасауға бейім келетін жын тайпасының өкілі болғандықтан, тәкәппарлыққа салынып, әмірге бойұсынудан бас тартты. Соның нәтижесінде Аллаһтың қаһарына ұшырады.

  Періштелер мен жын тайпаларының жаратылысы туралы айтар болсақ, олардың айырмашылығы; періштелер Аллаһтың нұрынан жаратылған (Аллаһтың нұры Оның сипаты емес). Сосын оларда адамзатқа тән нәпсі (нәфс) болмайды. Олар нәсіл қалдыру, күн көру тауқыметі сияқты тіршілік тәшпіштерін білмейді. Сондай-ақ, олар жаратылысынан күнәлі істерді орындаудан сақтандырылған. Ал, жындар болса, маздаған оттың жалынынан жаратылған. Бұл жайлы «Әр-Рахман» сүресінің 15 аятында баяндалған. Яғни: 

وَخَلَقَ ٱلْجَانَّ } أبا الجن وهو إبليس {مِن مَّارِجٍ مّن نَّارٍ } هو لهبها الخالص من الدخان. (تفسير الجلالين) {  

«Сондай-ақ, (жындардың о бастағы атасы) жынды оттың жалынынан жаратты».

  Түсінік: Адамдар сияқты жындардың да арасында кәпірлері, мұсылмандары бар. Оларға да адамзат сықылды ұрпақ қалдыру, тіршілік жасау сияқты қасиеттер тән. Сондықтан, жындар тайпасы адамдар сияқты, көздеріне көрінбейтін Аллаһқа иман келтіріп, құлшылық жасау үшін өз нәпсімен де, лағынетке ұшыраған шайтанмен де соғысады. Әсіресе мұндай соғыс адамзат үшін ауыр келеді, өйткені, лағынеті шайтан адам баласының бітіспес қас жау. Сондықтан, бұл аяусыз соғыста табандылық танытқан пенде ғана жеңіске жетеді. Ал, сұм нәпсіге ерік берген сорлы жеңіледі. Міне, пендеге осындай қиыншылықтар тағдыр етілген. Сондықтан да, әділетті Тәңір Тағала періштелерге Адамды құрметтеп, сәжде етуге әмір берді. Сондай-ақ, қосымша сыйлық ретінде оған жұмақта өмір сүруіне рұқсат етті.

  Сөйтіп, (Алла Адамға былай деп бұйырды): "Ей, Адам, сен жұбайыңмен жұмақта тұрақта. Сөйтіп, екеуің қалаған жайларыңнан (жұмақтағы қалаған жемістеріңнен) жеңдер. Тек мына бір ағашқа жоламаңдар. Әйтпесе (одан жесеңдер), залымдардан боласыңдар". (Ағраф 19)

  Аллаһтың осы бұйрығынан соң Адам жұбайы Хауамен жұмақта рахаттанып өмір сүре бастады. Жұмақта суықтан, ыстықтан, не бір аштықтан қиналу, немесе ауыру-сырқаттан азаптану сияқты қолайсыздықтар мүлдем жоқ болатын. Риуаяттарда келгеніндей, Аллаһтың бұйрығына сай періштелер Адамға (а.с.) сәжде жасағаннан 

кейін, ол (Адам) жұмақта өмір сүре бастады. Сонда Тәңір тағала "Әлмисақ" деп аталатын бір ұлық уәделестік шарасын өткізді. Бұл жайлы «Ағраф» сүресінің 172- аятында Алла тағала былай деген: 

  «(Ей, Мұхаммед с.ғ.с.) кезінде сенің Раббың адам балаларының белдерінен олардың ұрпақтарын (шығарып) алды да, өздерін өздеріне куә етіп: "Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе"?- (деді, сонда) олар: "Әлбетте (Сен біздің Раббымызсың, бұған) біз өзіміз куәміз" деді (Адам балаларын өздерін-өздеріне куә етудің хикметі) қиямет күні сендер (араларыңдағы мүшриктер*(5)): "Біз бұдан хабарсыз едік" дейтіндерің (Аллаһқа мәлім). 

  *(5) Ақырет күніның азабынан күйзелген мүшриктер қайткенде де азаптан құтылудың ойында: "Біз ата-бабаларымыздан көрген нәрселерімізді істеген едік. Аллаһтың жекедара екенін де, Ол біздің Раббымыз екенін де білгеніміз жоқ. Егер білгенімізде тек оғанғана құлшылық еткен болар едік» деп жан сақтауға әрекеттенеді. Сондықтан, барша нәрсені алдынан білетін қадір Алла адамзат баласын өзіне-өзін куә етіп, аятта айтылған уәделестікті өткізді. Бұл жайлы адамдар Ибн Аббастан сұрағанда, ол:

2327 حَدَّثَنَا حُسَيْنُ بْنُ مُحَمَّدٍ حَدَّثَنَا جَرِيرٌ يَعْنِي ابْنَ حَازِمٍ عَنْ كُلْثُومِ بْنِ جَبْرٍ عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ أَخَذَ اللَّهُ الْمِيثَاقَ مِنْ ظَهْرِ آدَمَ بِنَعْمَانَ يَعْنِي عَرَفَةَ فَأَخْرَجَ مِنْ صُلْبِهِ كُلَّ ذُرِّيَّةٍ ذَرَأَهَا فَنَثَرَهُمْ بَيْنَ يَدَيْهِ كَالذَّرِّ ثُمَّ كَلَّمَهُمْ قِبَلًا قَالَ ( أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ قَالُوا بَلَى شَهِدْنَا أَنْ تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَذَا غَافِلِينَ أَوْ تَقُولُوا إِنَّمَا أَشْرَكَ آبَاؤُنَا مِنْ قَبْلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةً مِنْ بَعْدِهِمْ أَفَتُهْلِكُنَا بِمَا فَعَلَ الْمُبْطِلُونَ ) * (مسند الامام احمد( 

Алла Тағала Адам Атаны жаратып оған жан берген соң, оның белінен ақыретке дейін тарайтын барша ұрпағын ақылды хәлдерінде шығарды. Сөйтіп, оларға иман келтіруді, сондай-ақ, күпірден қайтуды әмір етіп, «Ә ләсту бираббикум» (Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?)- деді. Сонда, Адам Атаның барша әулеті: Бәлә (әрине) "Әлбетте, Сен біздің Раббымызсың, бұған біз өзіміз куәміз"- деп мойындап иман келтірді. Алла тағала Адам балаларын өздерін-өздеріне куә етуінің хикметі; қиямет күні мүшриктердің: "Біз бұдан хабарсыз едік" демеулері үшін осындай уәделестік шарасын өткізді. Міне осы уәделестік "Әлмисақ" деп аталады. 

  Ғұламалар уәделестік ұғымын пенделердің жалпы деңгейіне қарай негізгі төрт түрге бөледі. Бірінші; "Әлмисақ"- деп аталатын уәделестік. Бұл барша адамзат үшін ортақ уәделестік. Мұнда айтып өткеніміздей барша пенделердің рухтары Алла Тағаланың Рабб (қадағалап күтуші, тәрбиелеуші зат) екенін ықрар етті (мойындады). Осы ықрар етулері олардың иман келтіргені болып табылады. Сондықтан, Адам перзенттері туылар шағында иманмен туылады. Туылғаннан кейін кәпір болғандар өздерінің фитри имандарын (о баста жаратылған кезіндегі келтірген имандарын) тәбдил ету (күпірге айырбастау) арқылы тағйир етіп (өзгертіп) кәпір болады. Ал, кім иман келтірсе, фитри иманы сабыт болады (нық орнығады). Демек, Алла адам баласының о бастағы болмысын таухидке негіздеген. Тек пенде бұл дүниеге келген соң түрлі жағдайлардың әсерінен не иманға, не болмаса күпірге жанасады. Бұған алдымен ата-ана мен қоршаған орта себеп болады. Бұған дәлел ретінде Әбу Һүрайра (р.а.) риуаят еткен мына хадисті келтіруге болады. Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

«Әрбір туылған бала (Ислам) фитрәтімен (иманды хәлде) туылады. Соң ата-анасы яһуди болса яһудиге, насарани болса насараниге, мажуси (будда дінін ұстанатын) болса мажусиге айналдырады». 

  Түсінік: Бұл хадис үкімінен туындайтын тұжырым, мұсыл-манның да, христианның да, әйтпесе басқа да бір дін өкілдерінің балалары туылған шағында мүмін хәлінде дүниеге келеді. Демек, Алла оларды зорлап кәпір еткен жоқ. Пенде дүниеге келген соң да Алла оны иман келтіруге немесе кәпір болуға мәжбүрлемейді. Тек Пайғамбарлар арқылы иман келтіруге, күпірден алыс болуға шақырады. Міне, осы екі нәрсенің бірін таңдау еркі пенденің өзіне берілген. Сондықтан, иман келтіру де, немесе кәпір болу да пенденің өз қалауына негізделген пейілі (іс-қимылы) арқылы іске асады.

  Мисақтың екінші түрі: Пайғамбарлардан алынатын мисақ. Яғни, оларға Алла тағаланың бұйрықтары мен иләһи хабарларды өз қауымдарына бұлжытпай жеткізу міндеттелген еді. Бұл бұйрықтарды орындау кейбір пайғамбарлар үшін аса ауыр түскен, тіпті кейбірінің өмірлеріне тікелей қауіп тонген. Соған қарамай олар өз міндеттерін адал атқарып, өздеріне уахи етілген иләһи хабарлар мен үкімдерді қауымдарына бұлжытпай жеткізіп, өз уәделеріне берік болған. 

  Мисақтың үшінші түрі: Дін ғұламаларына қатысты уәделестік. Оларға пайғамбарлар келтірген хабарлар мен үкімдерді, діни ғылымдарды жасырмай, бұрмаламай жамағаттарына жеткізу міндеттелген. Діни ғылымдардың және оларды үйренудің, сөйтіп оларды өзгелерге үйретудің абзалдығы жайлы «Әлі Имран» сүресінің 79-, «Фатир» сүресінің 28-, «Анкабут» сүресінің 43-, «Зүмәр» сүресінің 9- аяттарында жан-жақты айтылған. Сондай-ақ, бұл мәселе жайлы хадистерде де көп айтылған. Солардың бірі «Сүнән Әт-Тирмизи» кітабында келген. Онда хазреті Әбу Дарда (р.а.): «Мен Расулулланың (с.ғ.с.) былай дегенін естідім:

2606 حَدَّثَنَا مَحْمُودُ بْنُ خِدَاشٍ الْبَغْدَادِيُّ حَدَّثَنَا مُحَمَّدُ بْنُ يَزِيدَ الْوَاسِطِيُّ حَدَّثَنَا عَاصِمُ بْنُ رَجَاءِ بْنِ حَيْوَةَ عَنْ قَيْسِ بْنِ كَثِيرٍ قَالَ قَدِمَ رَجُلٌ مِنَ الْمَدِينَةِ عَلَى أَبِي الدَّرْدَاءِ وَهُوَ بِدِمَشْقَ فَقَالَ مَا أَقْدَمَكَ يَا أَخِي فَقَالَ حَدِيثٌ بَلَغَنِي أَنَّكَ تُحَدِّثُهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ أَمَا جِئْتَ لِحَاجَةٍ قَالَ لَا قَالَ أَمَا قَدِمْتَ لِتِجَارَةٍ قَالَ لَا قَالَ مَا جِئْتُ إِلَّا فِي طَلَبِ هَذَا الْحَدِيثِ قَالَ فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ مَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَبْتَغِي فِيهِ عِلْمًا سَلَكَ اللَّهُ بِهِ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ وَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ لَتَضَعُ أَجْنِحَتَهَا رِضَاءً لِطَالِبِ الْعِلْمِ وَإِنَّ الْعَالِمَ لَيَسْتَغْفِرُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ حَتَّى الْحِيتَانُ فِي الْمَاءِ وَفَضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِ الْقَمَرِ عَلَى سَائِرِ الْكَوَاكِبِ إِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ الْأَنْبِيَاءِ إِنَّ الْأَنْبِيَاءَ لَمْ يُوَرِّثُوا دِينَارًا وَلَا دِرْهَمًا إِنَّمَا وَرَّثُوا الْعِلْمَ فَمَنْ أَخَذَ بِهِ أَخَذَ بِحَظٍّ وَافِرٍ قَالَ أَبمو عِيسَى وَلَا نَعْرِفُ هَذَا الْحَدِيثَ إِلَّا مِنْ حَدِيثِ عَاصِمِ بْنِ رَجَاءِ بْنِ حَيْوَةَ وَهَذَا أَصَحُّ مِنْ حَدِيثِ مَحْمُودِ بْنِ خِدَاشٍ وَرَأْيُ مُحَمَّدِ بْنِ إِسْمَعِيلَ هَذَا أَصَحُّ ) * سنن التِّرمِذِي(  

«Кімде-кім ілім үйрену мақсатында жолға шықса (аттанса), Алла тағала оның жолын жұмаққа баратын жол етеді. Періштелер ілім ізденушіге (оның талабына) риза болғандықтан, өз қанаттарын (ілім ізденушінің аяғының астына кілем-төсеніш етіп) жаяды. Әлбетте, дін ғалымы үшін көктегілер мен жердегілердің (адам мен жындардан басқа мақұлықтардың) бәрі, тіпті судағы балықтарға дейін истиғфар айтып жарылқау тілейді. (Біле-білсеңдер) ғалымның қарапайым мүсылманнан артықшылығы, айдың (жерден қарағандағы) басқа жүлдыздардан артықшылығындай. Шынында, ғұламалар - пайғамбарлардың мүрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирһам қалдырған жоқ, әлбетте, олар (Аллаһтан келген ұлық) ілімді мұра етіп қалдырды. Кімде-кім оларды (пайғамбардың қалдырған мирасын) алса - мол мирас (мұра) алғаны». 

  Хадисте айтылғандай дін ғұламаларының дәрежелері аса ұлық. Тек бұл - ғұламалардың ішінен кейбіреулері иләһи уәделестікке берік болып өз міндеттерін адал атқарады. Ал, басқабіреулері; яһудилер мен насаранилердің руханилары (діни ғалымдары) секілді кітаптарын бұрмалап, уәделерін бұзады. Сөйтіп, діни хабарларды өз мүдделерінің пайдасы үшін жасырып, кейде тіпті бұрмалап мүлдем өзгертіп жібереді. Бұған алдыңғы үмбеттердің ғұламаларын мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ, біздің Пайғамбарымыздың үмбетінен шығатын ғұламалардың да арасында дінге қатысты мәселелерді өз пайдасына қарай бұрмалайтындары шығады. Олар Құранды өзгерте алмағандарымен, оның мағыналарына өз қалауын-ша түсінік беруге тырысады. Сөйтіп, ел арасында фитна шығуына себепші болады. (Бұған «Әлі Имран» сүресінің 7- аяты дәлел (кі-таптің 1- томында түсінік берілген). Ал, кейбіреулері өздері ілімсіз бола тұра өзгелерге фәтуә беруге, ақыл үйретуге құмар келеді. Мұндайлар туралы мына хадисте айтылған. Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

حَدَّثَنَا إِسْمَاعِيلُ بْنُ أَبِي أُوَيْسٍ قَالَ حَدَّثَنِي مَالِكٌ عَنْ هِشَامِ بْنِ عُرْوَةَ عَنْ أَبِيهِ عَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ قَالَ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ إِنَّ اللَّهَ لَا يَقْبِضُ الْعِلْمَ انْتِزَاعًا يَنْتَزِعُهُ مِنَ الْعِبَادِ وَلَكِنْ يَقْبِضُ الْعِلْمَ بِقَبْضِ الْعُلَمَاءِ حَتَّى إِذَا لَمْ يُبْقِ عَالِمًا اتَّخَذَ النَّاسُ رُءُوسًا جُهَّالًا فَسُئِلُوا فَأَفْتَوْا بِغَيْرِ عِلْمٍ فَضَلُّوا وَأَضَلُّوا قَالَ الْفِرَبْرِيُّ حَدَّثَنَا عَبَّاسٌ قَالَ حَدَّثَنَا قُتَيْبَةُ حَدَّثَنَا جَرِيرٌ عَنْ هِشَامٍ نَحْوَهُ * ) البخاري(  

«Алла тағала ілімді пенделерден суырып (тартып) алу арқылы жоймайды, керісінше (ел арасындағы) ғұламаларды қабыз ету (жою) арқылы ілімді қабыз етеді (алып қояды). Сөйтіп, ел арасында (діни) ғалым қалмаған дәуірде адамдар өздеріне надандарды басшы етеді. Ол надандарға қандай сауал қойылса да, (бәрібір) оларға ілімсіз фәтуә береді, сөйтіп өзі де адасады, өзгені де адастырады»- деген.  

  Өткен жетпіс жылдық тоталитар жүйе тұсында осы хадисте айтылғандай жағдай орын алды. Надандар көсем болып, ғұламалар қырғынға ұшыратылды. Дін саласындағы бұл зұлмат кезеңнің орны осы күнге дейін толмай келеді.  

  Мисақтың төртінші түрі: Пайғамбарлық нәсіп етпеген, жай қатардағы қарапайым адамдардың өз пайғамбарлары тарапынан келтірілген ғайып хабарларына иман келтіру, олар келтірген иләһи үкімдерді орындауы туралы уәделестіктері. Пенделердің бұл тайпасы да ғұламалар тайпасы сияқты, кейбірі уәделестікке берік болса, енді кейбіреуі оны бұзады. Бұған мысал: Осы аятта баяндалғандай яһудилер өздеріне бірін-бірі нақақтан өлтірмеу, өмір сүріп тұрған мекендерінен ығыстырып шығармау, туысқандық қарым-қатынастарды үзбеу туралы Таурат арқылы жүктелген міндеттерін орындамай, Әл-мисақ уәделестігін бұзды. Нәтижеде, Алла бұйырған нәрселерді, яғни, жақын-туғандармен үзіліспеу, оларға мейір-шапағатты болу, мүмін-мұсылмандармен жақсы сыйластықта болу, пайғамбарларды алаламай барлығын бірдей Аллаһтың хақ пайғамбарлары деп білу сияқты үкімдерді орындамай және ел арасына бүлік салып бұзақылық жасап ақырет күні аяусыз жазаға тап болады. Әне сонда олар: «Біз білмеген едік, біздің кінәміз не?» деп, жалтармаулары үшін қадір Алла "Әлмисақ" уәделестігін өткізді. 

  Осы уәделестіктен соң, Адам (а.с.) қашан тиым салынған ағашқа жақындап, күнә жасағанына дейін жұмақта өмір сүрді. Бұл туралы мына аятта баяндалған:

  Және «Ей, Адам, сен (өзің) және сенің жұбайың (Хауа ана)*(6) пейіште қоныстаныңдар. Сөйтіп, одан (жұмақтың жемістерінен) қалаған орындарыңда қымсынбай жей беріңдер. Бірақ мына бір ағашқа жақындамаңдар*(7). Әйтпесе, (егер жақындап, оның жемісінен жесеңдер, өздерің-өздеріңе) зұлым етушілерден боласыңдар»- деді. (Бақара 35). 

  *(6) Алла тағала Адамның (а.с.) жұбайын оның қабырғасынан жаратты. Бұл туралы Ниса сүресінің 1- аятында айтылған, яғни: 

 «Әй, адамдар, сендерді бір жан(Адам)нан жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратқан, сөйтіп ол екеуінен көптеген еркек пен әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сондай-ақ, өзара (мәмілелеріңде) Онымен (Оның атын атап) сұралатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстардан (безіп Тәңір ризалығынан алыстаудан) сақтаныңдар. Әлбетте, Алла сендерді бақылап тұрады» деді.

  Түсінік: Осы аяттан белгілі болғанындай, жер бетіндегі барша адам бір ата-анадан, яғни, Адам ата мен Хауа анадан тараған. Бұл екеуінің жаратылуы туралы Құртұби тәпсірінде айтылғандай: «Адам атаның алғашқыда жұбайы болмаған. Ол жұмақта жалғыз өзі серуендеп (зерігіп) жүретін. Кейінірек, күндердің бірінде ол қатты ұйқыға кетті. Алла оны ештеңе сезбейтін етіп ұйықтатып қойды да, оның қабырғасынан Хауа ананы жаратты. Адам оянып қараса, қасында өзіне ұқсас біреу тұр. Адам одан: «Сен кімсің?» деп сұрады. Ол: «Мен әйелмін» деді. Адам (а.с.): «Не үшін жаратылдың?» деді. Хауа ана: "Маған үйленуің үшін" деп жауап қайырды». 

  Хадистен түсінгеніміз; Хауа ананың жаратылуындағы басты хикмет – Адам атамен отбасын құру, сол арқылы ұрпақ тарату. Сондықтан, барша адамзатта отбасы құруға, ұрпақ қалдыруға деген ұмтылыс, өмірлік маңызы бар бір түйсік бар. Бұл инстинкт Адам баласына Алла Тағала тарапынан тағдыр етілгендіктен, ол ақыретке дейін жойылмайды. Сондай-ақ, Адамды (а.с.) да, Хауа ананы да Алла өзі жаратқандықтан олардың ата-анасы болған жоқ, тек перзенттері ғана болды. Тіршілікте олар тек қана перзенттерінің жағдайын ойлады (ата-ана туралы ойламаған). Сол себепті, (о бастан-ақ адамзат бойында) перзентке деген ата-ананың махаббаты оның басқа сезімдерінің бәрінен де күшті. 

  Адам ата мен Хауа ананың жерге түсірілуі туралы риуаяттарда былай айтылған:  

عندما اّمر الله اّدم الا يأكل من الشجرة فوسوس له الشيطان فأكل منها, فأنزله الله في الهند بينما نزلت حواء في مدينة جدة والتقيا عند جبل عرفات ودفنت هي في جدة.

Адам (а.с.) мен оның жұбайына тиым салынған ағашқа жақындамау туралы бұйрық берілгеннен кейін, олар жұмақта өмір сүре бастады. Бірақ, сұм шайтан оларды азғырып жүріп, әйтеуір өзінің ойына жетті. Адам (а.с.) мен оның жұбайы тиым салынған ағаштың мәуесін жеп, жұмақтан қуылды. Сонда Алла тағала Адамды (а.с.) Үндістанға, Хауа ананы қазіргі Жидда қаласы орналасқан аумаққа түсірді. Сөйтіп, ол екеуі Арафат тауында қайта кездесті. Хауа ана қайтыс болғанда өзі алғаш түсірілген Жиддә қаласының аумағына жерленді. 

  Айтып өткеніміздей, Алла тағала Адамның (а.с.) жұбайын оның қабырғасынан жаратты. Бұл жайлы Әбу Һүрайра (р.а.) келтірген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

 3084 حَدَّثَنَا أَبُو كُرَيْبٍ وَمُوسَى بْنُ حِزَامٍ قَالَا حَدَّثَنَا حُسَيْنُ بْنُ عَلِيٍّ عَنْ زَائِدَةَ عَنْ مَيْسَرَةَ الْأَشْجَعِيِّ عَنْ أَبِي حَازِمٍ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِي اللَّه عَنْه قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلَعٍ وَإِنَّ أَعْوَجَ شَيْءٍ فِي الضِّلَعِ أَعْلَاهُ فَإِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهُ كَسَرْتَهُ وَإِنْ تَرَكْتَهُ لَمْ يَزَلْ أَعْوَجَ فَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ ) * صحيح البخاري( 

«Естеріңде болсын; әйел заты (Хауа ана Адамның а.с. денесінен алынған) қабырғадан жаратылды. Әлбетте, қабырға қисық нәрсе (әйел заты сол қисық заттан жаратылған). Егер, оны түзетпекші болсаң сындырып аласың (ол турылауға көнбейді). Ал, егер тимей тастап қойсаң қисықтығынша қала береді. Әйелдер жайлы осы (айтылғандар) естеріңде болсын (оларға жақсы мәміле жасаңдар)»- деді.

  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы хадисте әйел мінезінің өзіндік ерекшелігі жайлы баяндап, оған дұрыс мәміле жасау қажеттігі туралы ер кісілерге ақыл айтты. Өйткені, әйел затының мінезін ерекше етіп жаратқан шебер Алла. Демек, ер кісілер Аллаһтың қалауын жан-тәнімен қабылдап, өз әйелдеріне дұрыс мәміле жасаулары, олардың өздері үшін игілік. Әйтпесе, әйелдің мінезін түзетемін деп қанша ұрынғанмен одан нәтиже шықпайды, керісінше олар одан әрі қасарыса түсіп, мұның соңы ажырасумен аяқталуы да мүмкін. Міне осындай, қажетсіз жағдайдың алдын алу үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ер кісілерге ең тура жолды түсіндіріп, насихат айтты.  

  *(7). Жұмақтағы тиым салынған ағаштың қандай ағаш екені жайлы сан түрлі пікірлер айтылған. Солардың ең әйгілісі; (көптеген тәпсірлер мен тарих кітаптарында хабарлануынша) ол жақындауға тиым салынған ағаш Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған бидай ағашы. Бұл тақырыпқа, бұдан да басқа пікірлер болғаныменен, ғұламаларымыз бұлардың қайбірі дұрыс деген мәселе жайлы пікірталас жасауды (мүлдем) қажетсіз деп тапқан. Өйткені, оның қандай ағаш екені туралы аяттарда да, хадистерде де нақтылы дерек келмегендіктен оның қандай ағаш екені соншама қажетті мәселе емес. Әйтпесе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол ағаш туралы хабар берген болар еді. (Сондықтан, осы бір ғана пікірмен тоқталамыз). Әрине, ол бидай ағашының сипаты жер бетіндегі біз білетін бидай сипатына дәл келмейді. Оларды бір-бірімен салыстыруға мүлдем болмайды. Жұмақта өсетін бидайдың ерекшелігі тіпті бөтен, ол аса дәмді, және өте хошиісті. Міне, сол жеміске жақындау күнә болатыны туралы Адам ата мен Хауа анаға арнайы ескерту жасалған. Ғұламалардың пікірінше, амалдардың кейбіріне тиым салу пенденің ұстамдылығы мен жігер қуатын шыңдайды, сана-сезімін оятады. Бұл Алла тарапынан пендеге жүктелген сынау тәсілінің бірі. Міне, осы сынақ арқылы оның адамгершілік қасиеттері анықталады, әйтпеген жағдайда пенденің малдан айырмашылығы қалмайды. Сондықтан, Алла Адам ата мен Хауа анаға жұмақтың өзінде ақ осындай сынақты тағдыр етті. Жаратушы Тәңір Тағала ол екеуіне жұмақтағы небәрі бір ғана жеміске жақындауға тиым салды. Бірақ әлі руханияты шыңдалмаған Адам мен Хауа өз нәпсілеріне құрық сала алмай, шайтанның азғыруына ілініп қалды. Өйткені, (ол кездерде) Адам Атаға әлі пайғамбарлық берілмеген еді. Сондықтан, ол шайтанның азғыруынан қалай қорғану қажеттілігі жайлы білімге ие болмаған. Ол жерге түсірілген соң, оны Алла ризалығына жеткізетін дін деп аталатын шарғи нұсқаулар берілді. Сол шарғи нұсқауларды өзіне қалқан етіп ұстаған Адам атамыз кейінгі дәуірлерде бойын шайтанға алдырмады. Демек, адам баласының бақытқа жетуі үшін ең қажетті нәрсе - дін. Егер, ақылға салып ойласақ, Адам Атаға бар болғаны бір ғана ағашқа жақындауға тиым салынғаны сияқты, жер бетіндегі оның ұрпақтарына да (санаулы) небәрі бірнеше ғана нәрсеге тиым салынған. Демек, сол аталған нәрселерден өзін тия білу қабілетімен пенде айуаннан парық қылады. Адам деген атқа лайықты болуы және өзін тия білу қабілетін шыңдауы үшін, пендеге рухани (діни) азық қажет. Әйтпесе, «Бақара» сүресінің 36- аятында айтылғандай, Адам атамыз бен Хауа анамыз сияқты шайтанның қармағына ілінуі анық: «Ал, (бірақ) шайтан ол екеуін одан (аталған ағашқа жақындамау туралы берілген әмірге берік болудан) азғырды, сөйтіп, екеуін өмір сүріп тұрған орындарынан (жұмақтан) шығарды *(8) (шығарылуына себеп болды). (Сонда) Біз (Адам мен шайтанға "Бірің-біріңе келешек ұрпақтарың да) өзара қас-жау болып (пейіштен жерге) түсіңдер! Сендер үшін белгілі мезгілге (ақыретке) дейін жер бетінде тұру (өмір сүру) және (жердің барша нығметтерінен) пайдалану (мүмкіндігі) бар" - дедік.

  *(8). Адамның жұмақта мамыражай өмір сүруі Ібілістің бүйіріне қатты бататын. Сондықтан, ол Адам мен оның жұбайын жұмақтан шығару үшін сан түрлі тәсілдермен арбауға кірісті. Шайтанның Адам ата мен Хауа ананы қалай жолдан азғырғаны жайлы басқа аяттарда да хикая етілген. Ал, бұл аятта олардың жұмақтан шығарылуына шайтан себеп болғаны ашық айтылған. «Ағраф» сүресінің 20-24- аяттарында бұл жағдайдың мәнісі таратып айтылады.

  «Сөйтіп, шайтан ол екеуінің жабулы әураттарын (ұятты жерлерін) ашып тастау (ұятқа қалдыру) үшін ол екеуін азғыра бастады (түрлі жалған сөздерді айтып, ол екеуінің сеніміне кіріп, оларды түрлі жолдармен арбады). Ол және (Адам мен Хауа анаға): "Раббыларың сен екеуіңді періште болып (айналып) кетпеулерің немесе (жұмақта) мәңгі қалып қоймауларың үшін ғана осы ағаштан тыйған болатын"деді. (Ағраф 20) 

  Түсінік: Аятта айтылғандай, Адам ата мен Хауа ана жұмақта өмір сүрген дәуірлерінде, екеуінің де ұятты жерлері киіммен жабулы болған. Шайтан ол екеуінің ұятты жерлерін ашып, масқара ету үшін түрлі тәсілдерді қолданды. Бұлар жайлы келесі аяттарда баяндалған:

  Және ол (шайтан жылап тұрып Адам мен Хауа) екеуіне: "Әлбетте, мен екеуіңе (шын пейілден) насихат айтушымын (сендерге бар ақиқатты айтатын шын доспын)" деп, ант ішті. (Ағраф 21)

  Сөйтіп (жүріп сұм шайтан) ол екеуін алдап (құрығына) түсірді де, ол екеуі (тиым салынған) ағаштан татып көргені сол ақ еді, ол екеуінің де ұятты жерлері ашылып (масқара болып) қалды*(9). Сөйтіп, екеуі (сасқанынан) жұмақ (ондағы жеміс ағаштарының) жапырақтарынан өздеріне (ұятты жерлеріне) бекіткіш (лыпа) жасай бастады. Сонда, ол екеуіне Раббылары (ызғарлы үнмен): "Сен екеуіңді осы ағаштан тыймап па едім және әлбетте, шайтан сен екеуіңе ашық дұшпан демеп пе едім"?- деді. (Ағраф 22)

  *(9) Тәпсірлерде айтылғанындай, Адам мен Хауа жұмақта өмір сүрген кездерінде ол екеуінің үстінде өте көркем киімдері болатын. Тиым салынған ағаштың жемісінен жегендерінен соң, екеуінің де киімдері жойылып, әурат (ұятты) жерлері ашылып қалды. 

  (Өздерінің күнә істегендерін түсінген) ол екеуі: "Ей, Раббымыз, біз өзімізге (өзіміз) зұлымдық жасадық. Егер, Сен бізді (күнәмізді) кешіріп, рақымшылдық жасамасаң, әлбетте, біз зиян көрушілерден боламыз" деді. (Ағраф 23)  

  (Алла Адам мен Ібіліске бұйырып): "Бір-біріңе (сондай-ақ ұрпақтарың да бір-біріне) дұшпан болған күйлеріңде (жұмақтан) түсіңдер. Сендерге жер жүзінде (Алла белгілеген) мерзімге дейін тұрақтау және (жер бетіндегі нығметтерден) пайдалану (мүмкіндігі) бар"- деді. (Ағраф 24)  

  Бұл аяттардың астарында үлкен хикметтер бар. Біріншіден, олар жұмақтан шығарылмағанында жердегі қазіргі өмір болмас еді. Екіншіден, олардың жұмақтан шығарылуына өздерінің күнәсі себеп болды. Бұл Тәңір Тағаланың әділдігінің белгісі. Ол ешкімге себепсіз жаза дайындамайды. Үшіншіден; шайтанның Адамға қарсы жасаған зұлымдығы. Оның себебінен ақыретке дейін адамзат пен шайтан аарасындағы аяусыз күрес жалғасады. Кейбір пенде бұл күресте жеңіліп, шайтанның жолына түсіп, қу нәпсіге құл болады. Діннен, адамгершілік қасиеттерден жұрдай болған мұндай сорлы қараңғы көрге түскен шағында халдің мүшкіл екенін бір-ақ түсінеді. Бірақ, ол кезде жағдайды түзетуге мүмкін болмайды. Ал, кейбір пенде қаншалықты қиындықтарға кезіксе де, адамгершілік қасиетін жоғалтпай, о бастағы атасы Адамның жолын берік ұстанады. Нәпсі деген жауға тақуалық құрығын салып, оны өзіне бойұсындырады. Шайтанның түрлі азғыруларына өз иманын қалқан етіп, ұстап Алла ризалығын табады. Өйткені, біздің Адам атамыз жерге түсірілген соң, өз қателігін түсініп тәубе келтіріп, өмірінің соңына дейін Тәңір Тағаланың үкімдеріне берік болды. Келесі аятта осы туралы баяндалады.

  (Жерге түскен) соң Адам (ата) өз Раббынан (қалай тәубе ету керектігі туралы қажетті) кәлималарды (истиғфар дұғаларын үйреніп) қабылдады (да тәубе келтірді) *(10). Сөйтіп, Алла оның тәубесін қабыл етті. Әрине, Ол тәубелерді қабыл етуші мейірімді Зат. (Бақара 37). 

  *(10). Тәпсірлерде айтылғанындай, Алла Тағала Адамды жерге түсірген соң, оған («Раббана заламна анфусана» деген) тәубе кәлималарын аян қылды. Оған Алла тарапынан осындай нұсқаулар берілуі (айтып өткеніміздей), оның пайғамбар болғандығына анық дәлел. Адам ата сол кәлималарды айтып, тәубе жасағаннан кейін мейірімді Алла оның тәубесін қабыл етіп, күнәларын кешірді. Кейбір тәпсірлерде Адам ата тәубе кәлималарын айтқан кезде Хауа ана да оның қасында тұрып, оған иқтида еткен еді делінген. Ал, басқа тәпсірлерде «Адам ата Үндістанның Сарандип тауына, ал, Хауа ана Хижазға (Арабстан түбегіне) түсірілген. Кейін Адам ата тәубе кәлималарын айтып, тәубесі қабыл болған соң, ол екеуі Кәғбаның орнында кездескен» деп айтылған. Дегенмен, ғұламалар бұл мәліметтердің дұрыс-бұрысы жайлы пікірталас жасауды жөн көрмеген.

  «Бақара» сүресінің келесі 38- аятында Алла тағала Адамға және бір аса құнды нұсқау береді. Негізінде бұл нұсқау бүкіл адамзатқа арналған:

  (Және Адам мен шайтанға) «одан (пейіштен) барлығың түсіңдер»- дедік. Сөйтіп (Адамға) «бір кездерде (келешекте) сендерге (сенің ұрпақтарыңа) Менен һидаят (пайғамбарлар мен иләһи кітаптар) келеді *(11). Сонда кім Менің (сол) һидаятыма ілессе, соларға (тозақ отынан) қауіп жоқ. Сондай-ақ, олар (ақырет күніндегі қорқыныштардан) уайымдап жүрмейді (дедік). (Бақара 38).

  *(11). Пенделерге келетін һидаят пайғамбарлар мен иләһи кітаптар. Бұл жайлы Алла Адам атаға о баста-ақ мәлімдеген. Адамдар осы иләһи һидаятқа қай деңгейде көңіл бөлулеріне қарай түрлі дәрежелерді иеленеді. Біреулер дін нұсқауларын орындай отырып, адамдық қасиетіне ие болады. Енді біреулер тақуалық тағына шығып, періштелердің дәрежесіне көтеріледі. Сонда олар періштелерден де абзал мәртебеге ие болады. Өйткені, адамзат періштелердің дәрежесіне жету үшін өз нәпсісімен күреседі. Оны жеңу үшін небір қиыншылықтарды басынан кешіреді. Періштелер болса, ондай қиыншылықтардың азабын тартпайды. Сондықтан, әділ Алла тақуа пендесін періштелерден артық сүйеді. Аятта баяндалғандай, кім Аллаһтан келген һидаятқа, яғни пайғамбарлар мен иләһи кітаптарға ілессе, оларға ақырет күнінің қорқыныштарынан да, тозақ отының азабынан да қауіп жоқ. Алла Тағала бұл аятты һидаятқа ілескендерге қуанышты хабар ретінде келтірген. 

  Ал енді, адамдардың басқа бір тайпасы пайғамбарларға ілесудің орнына шайтанға еріп, діни үкімдерге қарсы келеді. Әлбетте мұндай қауым Аллаһтың қаһарына тап болады. (Бұл әңгіменің жалғасы кітаптың бірінші томы 272- бетіндегі *(63) нөмірлі түсініктемеде берілген) 

  Адам ата жерге түсірілген соң, одан тараған ұрпақтарды қадір Алла жер бетінің түрлі аумағына орналастырды. Адам (а.с.) мен Хауа ананың өздерінен дүниеге келген перзенттері туралы Ибн Аббас (р.а.) былай деген:

وروى الحافظ ابن عساكر في ترجمة شيث عليه السلام من طريق إسحاق بن بشر قال: أخبرني جويبر ومقاتل عن الضحاك عن ابن عباس أنه قال: ولد لآدم عليه السلام أربعون ولداً، عشرون غلاماً وعشرون جارية، فكان ممن عاش منهم هابيل وقابيل وصالح وعبد الرحمن الذي سماه عبد الحارث، وود وكان ود يقال له شيث ويقال له هبة الله، ) تفسير ابن كثير(

Адамның қырық перзенті болды. Олардың жиырмасы ұл бала және жиырмасы қыз бала еді. Олардың арасынан өмір сүргендері Һабил, Қабил, Салих, Абдүр-рахман – осы баласын Адам (а.с.) мен Хауа ана Абдүл-харис деп атаған еді және Уәд – бұл баласының екінші бір есімі Шис (а.с.). Адам атаның жалпы ұрпағы осылардан тарады.

  Шебер Алла адамзаттың өмір сүруіне қажет жағдайлардың бәрін алдын ала дайындап қойған болатын. Адам баласы сол дайындап қойылған жер нығметтерінен мейлінше пайдаланады, бірақ, көпшілігі бұл нығметтер Алла тарапынан берілгені, олар үшін шүкіршілік жасау қажет екені туралы аз ойлайды. Бұл туралы «Ағраф» сүресінің 10- аятынан білуге болады. Онда Алла тағала: 

  (Ей, Адам балалары) Біз сендерді жер жүзіне орналастырдық, сөйтіп, онда сендер үшін (ішіп-жеуге түрлі-түрлі тағамдар, киінетін киімдер, мінетін көліктер сияқты көптеген) күнкөріс заттарын жасадық. (Бірақ) сендер (өмірдің қызығына беріліп кетіп, бұлар жайлы кем ойлайсыңдар, сондықтан) өте аз шүкіршілік етесіңдер (деді).  

  (Алла және былай) деді: "Сендер онда (жер бетінде) тіршілік етесіңдер, сондай-ақ, онда (ажалдарың жеткен кезде) өлесіңдер (сөйтіп топыраққа айналасыңдар, одан соң) және ол жерден (ақырет күні) қайта шығарыласыңдар". (Ағраф 25) 

  Ол (Алла) сендерді (барша адамзатты) бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және оған (үйленіп көңілі) жай табуы үшін одан (Адам атаның өзінен) оның жұбайын (Хауаны) жаратқан (құдіретті) зат. Ол (Адам ата жер бетінде Хауа анамен табысып) жұбайына жақындық жасағанда, жұбайы жеңіл жүкті болды да, сөйтіп, онымен (бірнеше ай) жүрді. Ал, қашан (жүгі) ауырлаған кезде ол екеуі (Адам ата мен Хауа ана) өздерінің Раббы – Аллаһқа дұға етіп: "Егер бізге ізгі (перзент) берсең, әлбетте, біз шүкір етушілерден болар едік" деп жалбарынды. (Ағраф 189) 

  Түсінік: Осы аяттағы «Ол (Адам ата жер бетінде Хауа анамен табысып) жұбайына жақындық жасағанда, жұбайы жеңіл жүкті болды да, сөйтіп, онымен (бірнеше ай) жүрді» дегеннің түсінігіне «Тәбари» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Аббас былай деген:

حدثنا القاسم، قال: ثنا الـحسين، قال: ثنا حجاج، عن ابن جريج، قال: قال ابن عبـاس: لـما وُلد له أوّل ولد، أتاه إبلـيس فقال: إنـي سأنصح لك فـي شأن ولدك هذا تسميه عبد الـحرث فقال آدم: أعوذ بـالله من طاعتك قال ابن عبـاس: وكان اسمه فـي السماء الـحرث. قال آدم: أعوذ بـالله من طاعتك إنـي أطعتك فـي أكل الشجرة، فأخرجتنـي من الـجنة، فلن أطيعك. فمات ولده، ثم وُلد له بعد ذلك ولد آخر، فقال: أطعنـي وإلاَّ مات كما مات الأوّل فعصاه، فمات، فقال: لا أزال أقتلهم حتـى تسميه عبد الـحرث. فلـم يزل به حتـى سماه عبد الـحرث، فذلك قوله: جَعَلا لَهُ شُرَكاءَ فِـيـما آتاهُمَا: أشركه فـي طاعته فـي غير عبـادة، ولـم يُشرك بـالله، ولكن أطاعه. (الطبري تفسير )  

«Адамның (а.с.) бірінші перзенті дүниеге келгенде оның қасына шайтан келіп: Мен саған осы балаң жайлы насихат айтайын; оған Абдул-харс деп ат қойыңдар (әйтпесе, ол аман қалмайды» деді. Шайтан Адамның а.с. бірінші баласы да екенші баласы да шетінейтіні туралы мәліметті Лаухул-махфузды оқып отыратын періштелерден жасырын тыңдап алған болатын). Ал, Адам (а.с.) шайтанның бұрынғы аты Әл-харс екенін білетін. Сондықтан ол: «Мен Аллаһқа сиынып, мені саған бойұсынудан құтқаруын тілеп жалбарынамын. Сен бір рет мені алдап, жұмақтан шығарғансың. Сонда мен сенің айтқаныңды істеп, тиым салынған ағаштың жемісін жеп, күнәһар болған едім. Енді ешқашан сенің айтқаныңды істемеймін» деді. Кейін (шайтанның айтқаны келіп) баласы шетінеді (өлді). Одан кейін Хауа анамыз және бір перзент көрді. Шайтан және келіп: «Менің айтқанымды істе (оған Абдул-харс деп есім бер) әйтпесе, алдыңғысы өлгеніндей бұл да өледі. Қашан Абдул-харс деп атамағандарыңша балаларың шетіней береді» деді. Бірақ Адам (а.с.) оған құлақ салмады. Сонда екінші сәбиі де шетінеді. Аяттағы «жеңіл жүкті болды» дегеннің мағынасы осы, яғни туылысымен-ақ шетіней берді. Кейін Адам (а.с.) мен Хауа шайтанның айтқанын істеп, баласының есімін Абдул-харс (Харстың - Ібілістің құлы) деп атады. Сөйтіп, баласына есім беруде Аллаһқа серік қосты, бірақ, бұл амал құлшылық амалы болмағандықтан, олар құлшылық тұрғысынан шірк жасаған жоқ. Олар баласына Абдул-харс деп ат қойған соң, баласы аман қалды. Дегенмен, шайтан оларды тағы да алдаған еді. Себебі, бұл баласының тірі қалуына оған қойылған есімнің ешқандай қатысы жоқ болатын. Мұның нақты себебі; Адам (а.с.) мен Хауа ана екеуі перзенттері шетіней берген соң, өздерінің Раббы – Аллаһқа дұға етіп: "Егер бізге ізгі (аман-сау өсетін перзент) берсең, әлбетте, біз шүкір етушілерден болар едік"
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
.